ҚР білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы бойынша 2020 жылға дейін 3-6 жас аралығындағы барлық бүлдіршінді 100% балабақшамен қамту жоспарланған. Қарақия ауданы бұл көрсеткішті мерзімінен бұрын орындап, 3-6 жасар бүлдіршіндерді жүз пайыз балабақшамен қамтыды. Айта кетейік, аудан бойынша 15 мемлекеттік, 3 жекеменшік әріптестіктегі балабақша және 2 шағын орталық бар. Аталған балабақшаларда 3-6 жас аралығындағы 2024 бала қамтылса, жалпы білім беретін мектептердің мектепалды даярлық сыныбында 875 бала білім алып жатыр. Қазір аудан бойынша кезекте тұрған бала жоқ.
Шынар КЕНДІН