Түпқараған ауданының әкімі Бекзат Нұрдәулетовке ат мінгізді
[ 2019 ] 10 желтоқсан, 05:16 | Қоғам
Кеше Түпқараған ауданына келген 2019 жылғы Әлем чемпионы Бекзат Нұрдәулетовке аудан әкімі Айдос Хамиев түпқарағандықтардың атынан шапан жауып, ат мінгізді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Түпқараған ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қазақы құрметтің белгісі болып саналатын ат мінгізу дәстүріне Форт-Шевченко тұрғындары мен жас спортшылар куә болды. Аудан басшысы сонымен бірге әуесқой бокстан әлем чемпионы Ердос Жаңабергеновтің және Әлем біріншілігінің қола жүлдегері Берік Абдрахмановтың иығына шапан жапты. Айта кетейік, Бекзат Нұрдәулетов кеше Форт-Шевченко бокс мектебі түлектерінің ұйымдастыруымен өткен «Fight of Arlans» жолдастық кездесуінің басты қонағы ретінде Форт-Шевченко қаласына келді.
Оқи отырыңыз: Маңғыстау облысы «Үздік бокс федерациясы» атағын иеленді
1603
Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте
WhatsApp Mail.ru Telegram
Маңғыстау Медиа
Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.