Боранқұл кенорнындағы жатақханадағы өрттен жарақат алған жұмысшылар Боранқұл орталық аудандық ауруханасына жеткізілді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Алғашқы медициналық көмек көрсетілген соң жарақат алғандар Бейнеу орталық аудандық ауруханасына жеткізіліп, жатқызылған. Жарақат алған жұмысшының бірі Бейнеу ауданының тұрғыны, 1984 жылы туған. Оның жалпы жағдайы орташа ауыр деп бағаланып отыр. Есін жоғалтқан жоқ, геодинамикалық көрсеткіштері тұрақты. Хирургиялық бөлімшеге жатқызылған. Алдағы уақытта Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасының травматология бөліміне көшіріледі.
Тағы жарақат алған азамат Атырау облысы Жылыой ауданы Құлсары қаласының тұрғыны. 1965 жылы туған. Оның жағдайы тұрақты. Қазіргі уақытта дәрігерлердің бақылауында. Алдағы уақытта амбулаториялық емдеуге жіберіледі. Екеуі де вахталық әдіспен жұмыс істейді. Өрт кезінде жатақхананың терезесін сындырып, екінші қабаттан секірген, делінген МО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Өкінішке орай оқиға орнында екі адам қаза тапты. Атап айтқанда 1963 жылы туған Ақтау қаласының тұрғыны, ер адам. Екінші қайтыс болған әйел адам, 1976 жылғы Бейнеу ауданының тұрғыны.
Айта кетейік, бүгін түнде «ҚазМұнайТеңіз» ТМК» ЖШС-не қарасты Боранқұл кен орнында екі қабатты жатақханада өрт шыққан болатын.