Түпқараған аудандық құрылыс бөлімінің басшысы Нұртай Мұханның айтуынша, мәдениет үйі 1 га жерге салынады. Пайдалануға берілген соң, бірнеше тұрғынды жұмыспен қамтиды. Ғимарат 500 орындық көрермен залынан тұрады.
«Мәдениет үйін салу Сайын Шапағатов ауылдық округі тұрғындарының көптен көтеріп жүрген мәселелерінің бірі. Айта кетейік, ғимарат екі қабаттан тұрады. 2023 жылы пайдалануға беру жоспарланып отыр. Бұған қоса, қазір С.Шапағатов ауылында 160 көрермен орнына арналған дене шынықтыру-сауықтыру кешенін құрылысына жобалық-сметалық құжаттамалары жасақталуда»,- деді Нұртай Мұхан.