"АЭжБУ" МКК "МЭБК" АҚ-ға сілтеме жасай отырып, жоспарлы ажырату туралы мәлімдеді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
- 22 маусымда "МЭБК" АҚ түнгі 01:00-ден таңғы 05:00-ге дейін жөндеу жұмыстарын жоспарлаған еді. Бірақ бұл кейінге шегеріліп, 23-24 маусымға ауыстырылды. Осыған байланысты, белгіленген екі күнде түнгі 01:00-ден таңғы 05:00-ге дейін 6, 7, 8, 9, 11, 12, 22, 23, 24, 28а шағынаудандарда электр энергиясы уақытша тоқтатылады, - деді "АЭжБУ".
Қосымша сұрақтар бойынша "МЭБК" АҚ диспетчерлік қызметіне +7 (7292) 200-257 нөмірі арқылы хабарласуға болады.