Баутин және Аташ елді мекені маңындағы жағалауға тексеру жүргізген мамандар, оған күшті дауыл немесе балықшылардың қараусыз қалдырған ау-құралы себеп болуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Кеше Түпқараған ауданынан 159 құстың өлексесі табылған болатын. Суқұзғындар денесінен және теңіз суынан сынамалар алынып, зертханаға жіберілген. Нәтижесі қашан шығатыны әзірге белгісіз. Ал өлекселер өртеліп, жойылды. Айта кетейік, суқұзғындар Қазақстанда негізінен Каспийді мекен етеді, Қызыл кітапқа енбеген.
- Визиуальды қараған кезде табиғи өлексеге ұқсайды. Себебі 1 айдың ар жақ, бер жағында өлген. Теңіздегі иесіз ауларға түсіп қалып, 2-3 сол күні теңізден жел болды. Сонымен, шығып қалуылары мүмкін. Бірақ, енді бұл әзірге болжам. Су құзғыны Қазақстанның қызыл кітабына енгізілмеген. Және аңшылықта аулау құстарының түріне де жатпайды, - деді Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инпекциясының басшысы Ғаббас Досатов