Ақтау қаласындағы ГМ-172/10 мекемесінде жазасын өтеушілерге алып келген сәлем-сауқаттарды тексеру барысында, пакетке оралған темекілерарасынан белгісізн дәрі-дәрмек табылды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Заттарды деструктивті діни ағымға қатысы бар азамат әкелген.
— Аталған дерек бойынша, бұл заттар психотропты дәрілер болуы мүмкін деген күдікпен АЕК-на тіркеліп, Маңғыстау облысы ПД жедел тобы шақыртылып, облыстық сараптамаға жіберілді, — дейді Маңғыстау облыстық ҚАЖД ГМ172/10 мекемесі бастығының орынбасары Азат Орынбасаров.