3 тамыз күні сағат 16.38-де Түпқараған ауданында, Ақшұқыр ауылынан 36 шақырымда орналасқан Каспий теңізінің жағалауында, "Дунга" мұнай компаниясының сорғы станциясы ауданында үш адам батып жатқаны туралы хабарлама түскен, деп хабарлайды mangystaumedia.kz ТЖ департаментіне сілтеме жасап.
- Жергілікті тұрғындар 1991 жылы туған ер адамды құтқарған, бірақ ол ауруханаға бара жатқанда жедел жәрдем көлігінде қайтыс болды. Сондай-ақ, құтқарушылар суға шомылу кезінде жабдықталмаған жерде суға батып кеткен 1987 жылы туған және 1991 жылы туған азаматтардың мәйітін тауып, судан алып шықты, - делінген ведомство хабарламасында.