Ақтаудағы «Ана мен бала» орталығында жаңа туған шақалаққа күрделі ота жасалды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz Қоғамдық коммуникация орталығына сілтеме жасап.
Ота жасаған балалар хирургі Құрман Қайрановтың айтуынша, нәрестенің өңешінде туабітті ақау анықталған. Ота ашық әдіспен кеудені тіліп жасалған. Ота1,5 сағатқа созылды.
- Сәбидің салмағы 1 келі 500 грамм. Бұл салмағы аз балаға жасалған алғашқы тілік.Білікті мамандардың арқасында ұзаққа созылған ауыр отаны нәресте жақсы көтеріп шықты,- дейді дәрігер Құрман Қайранов.
Сәби дәрігерлердің қарауында болып, аман-есен үйіне шығарылған. Толық сауыққанша мамандардың бақылауында болмақ.