Бүгін «Үздік ауыл әкімі» Республикалық конкурсының Маңғыстау өңірлік деңгейіндегі (облыстық) конкурстық комиссияның отырысы өткізілді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz Маңғыстау облысының Мемлекеттік істер жөніндегі департаментіне сілтеме жасап.
Аталған байқаудың мақсаты – жұмыста жоғары тәжірибелік нәтижелерге қол жеткізген, ауылдық елді мекендердің дамуына елеулі үлес қосқан үздік ауыл әкімдерін анықтау және көтермелеу.
Бұл ретте, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында конкурсқа қатысқан үміткерлердің ауылды дамытуға бағытталған жобалық жұмыстары мен қызметтері бағаланды.
Нәтижесінде, Қарақия ауданы әкімдігіне қарасты Құланды ауылдық округінің әкімі Санат Теңелұлы Төкенов өңірлік конкурстың жеңімпазы атанды.
Бұл ретте, шешім ауылдың әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері, ауыл тұрғындары арасында жүргізілген онлайн дауыс беру және әдеп жөніндегі уәкіл сауалманасы қорытындыларының және жобалық жұмыстары мен әңгімелесу нәтижелері негізінде қабылданды.
“Сонымен бірге, Өңірлік комиссия тарапынан қазіргі қарбалас кезеңде уақыттарын бөліп байқауға қатысып, атсалысқан Жаңаөзен қаласы әкімдігіне қарасты Қызылсай ауылының әкімі Р.Абишаев пен Рахат ауылының әкімі О. Табынчаевтың жоғары тұрған басшысының атына марапаттау жөнінде хат жолдау қажет деп шешті.
Жерлесіміз Санат Теңелұлы Төкеновке Маңғыстау облысының намысын қолдан бермей, байқаудың Республикалық кезеңінде топ жаруына тілек білдіреміз!" деді департамент басшысы.