Желі қолданушысы облыс әкімдігінің телеграм каналына бұрынғы ХГМЗ фабрикасының жанынан мұнай тиелетінін, мұнайдан жанар-жағар май өңделетінін жазған, деп хабарлайды mangystaumedia.kz Қоғамдық коммуникация орталығына сілтеме жасап.
Ол осының салдарынан ауаға жағымсыз иіс тарайтынына алаңдаушылық білдірді. Сондықтан Экология департаменті және т.б құзырлы органдардан тексеріс жүргізуді сұраған.
Маңғыстау облысы бойынша экология департаментінің мамандары аталған жағдайға байланысты күндізгі және түнгі мерзім аралығында қала аумағы мен өндірістік аймақтарының атмосфералық ауасынан сынама алып, мониторинг жүргізгенін хабарлады. Алынған сынамалар нәтижесі бойынша ластану көздері анықталды.
-Қазіргі таңда, Маңғыстау облысының прокуратурасы ұсынымы негізінде мұнай өңдеу компаниясына қатысты жоспардан тыс тексеріс тағайындау жұмыстары жүргізілуде. Заңнамада белгіленген тәртіппен қажетті шаралар қабылданып, атқарылған жұмыстардың нәтижелері туралы қосымша хабарланатын болады,- дейді Маңғыстау облысы бойынша экология департаментінің мамандары.