Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері бас штабының комиссиясы 2022 оқу жылына арналған әскерлерді қорытынды тексеру шеңберінде әскерлердің жауынгерлік әзірлігін тексереді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Ақтау гарнизонының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тексеру Ақтауда 3 қазан мен 15 қазан аралығында өтеді. Негізгі мақсаты - тапсырмаларды орындауға жауынгерлік әзірлік дәрежесін анықтау. Тексеру барысында әскери қызметшілер жауынгерлік дайындықтың негізгі пәндері бойынша, оның ішінде тактикалық, арнайы, атыс-жаттығу, физикалық және басқа да дайындық түрлерінен, сондай-ақ жауынгерлік машиналар мен автомобиль техникасын басқару нормативтері бойынша сынақтар тапсырады.
Тексеріс барысында офицерлер мен әскери қызметшілерді кәсіби даярлау бойынша тапсырмалардың орындалуын тексеруге ерекше назар аударылады.
- Тексеру барысында жеке құрамның жауынгерлік даярлығының деңгейі, бөлімшелердің үйлесімділігі, жауынгерлік әзірлік жағдайы, тәрбие жұмысы, құқықтық тәртіп пен әскери тәртіп, әскерлердің қызметі және әскери қызметтің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, кадр жұмысы, әскери қызметке жарамдылығы; қару-жарақ пен әскери техника, сондай-ақ бағынысты бөлімшелерді басқарудағы басшылықтың тиімділігі, – деді комиссия төрағасы, полковник Андрей Никифоров.
Қорытынды тексеру нәтижелері бойынша әрбір бөлімшеге баға беріледі және әрбір әскери қызметші жеке бағаланады.