8 қазан күні облыста «Қоқыссыз таза табиғат» жалпыұлттық сенбілік өтеді. Тазалық шарасы таңертең 9:00-де басталады, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Аталған акция табиғатқа саналы, ұқыпты қарауды қалыптастыруға бағытталған.
Осы ретте Маңғыстау облысының әкімдігі шаһардың тұрғындары мен қонақтарын республикалық акцияға белсенді қатысуға және табиғатты қорғауға шақырады.