© Gov.kz
Экология департаменті Қаракөл көліне ағынды суларды төгу фактісі бойынша Rixos Water World Aktau-ға қатысты жоспардан тыс тексеру тағайындады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz Экология және табиғатты қорғау министрлігіне сілтеме жасап.
Экология департаменті мамандарының талдауы нәтижесінде, ластаушы заттардың шекті рұқсат етілген концентрациясынан артық екені анықталды.
Сонымен қатар, бұған дейін тіркелген аққулар өлімінің фактасы бойынша төгінділер әсерінің қатыстылығын толық зерттеу үшін Алматы қаласынан орнитолог-мамандар шақырылды.
Тексеру қорытындысы бойынша тиісті инспекторлық ден қою шаралары қабылданады және әкімшілік істер қозғалады.
Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылы Rixos WaterWorld Aktau осыған ұқсас заң бұзушылық үшін жауапқа тартылып, 76 млн.теңге көлемінде айыппұл төлеген болатын.