© Gov.kz
Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының қызметкері «НКОК» қызметкерлерімен бірлесіп Каспий итбалығын мониторинг жүргізу мақсатында 2024 жылғы 26 қаңтардан бастап кемемен теңізге шықты, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
7 ақпандағы жағдай бойынша Құлалы, Қаламқас аралында итбалықтардың күшіктері анықталды. Итбалықтардың жаппай күшіктеуі 10-25 ақпан аралығында болатынын айта кеткен жөн.
«Мониторингтік зерттеулерге сәйкес (26 қаңтардан 7 ақпанға дейін) жануарлардың жағдайы қанағаттанарлық, ауру және әлсіз жануарлар байқалған жоқ.
Айта кету керек, итбалықтардың популяциясында көбею процесіне қатыспайтын итбалықтар бар (еркектер, қысыр, ауру итбалықтар), сондықтан итбалықтардың барлық дарақтары Оңтүстік Каспийден Солтүстік Каспийге миграцияланбайды. Итбалықтардың көбею барысын бақылау жалғасуда», деп хабарлады Балық шаруашылығының комитеті.
Айта кетейік, мұз қату 2023 жылғы желтоқсанның екінші онкүндігінен басталды. Қазгидромет теңіз станциялары мен бекеттерінің ғарыштық суреттері мен жедел деректеріне сәйкес, Каспийдің солтүстік жағалауында қалыңдығы 16 см-ге дейін мұз жамылғысының пайда болуы байқалады. Ғылыми ұйымның пікірінше, мұздың бұл қалыңдығы каспий итбалықтарының көбеюіне қолайлы.