Қазақстандық экологтар Ақтауда жағалау маңындағы белгісіз майлы дақтар туралы ақпаратты тексерді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Бұған дейін "Прозрачный мир на Каспии" Telegram желісінде Қазақстанның аумақтық суларындағы майлы дақтар бар екені туралы хабарлама пайда болған. Арна авторы оның бірі жағалаудан 14 шақырым жерде Ақтауда, екіншісі Қызылқұмда жағалаудан 48 шақырым жерде байқалған деп жазады.
Маңғыстау облысының экология департаменті бұл ақпаратқа жауап беріп, Ақтау қаласының оңтүстік-батыс бағыты мен Қызылқұм ауданында Каспий теңізінде шығу тегі күмәнді қара дақтарды анықтау жұмыстары жүргізіліп жатқанын хабарлады.
"Маңғыстау облысы бойынша экология департаменті, Ақтау қаласыны және Қызылқұм жерінің оңтүстік батыс бағытына қарай Каспий теңізіндегі шығу тегі күмәнді қара түсті нүктелер бойынша шараларды қабылдау жұмыстарын жүргізуде. Шолу барысында Ақтау қаласы 14 шағынауданы, теңіз жағалауы толықтай қаралып, судан сынама алынды. Шолу кезінде теңіз суының таза екендігі, жағалауда май дақтары және жағымсыз май иісі анықталмады. Сынама қорытындысы бойынша зиянды заттектердің шамадан тыс артуы тіркелмеді", - делінген хабарламада.