Әзірбайжан Ұлттық Ғылым академиясы жанындағы Республикалық сейсмологиялық қызмет орталығының жедел деректеріне сәйкес, 2024 жылғы 11 наурызда әзірбайжандық сейсмологтар Каспийде магнитудасы 3,9 балл болатын жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Әзірбайжандық сейсмологтардың хабарлауынша, жер сілкінісі эпицентрінің координаттары солтүстік ендіктің 39,40 және шығыстың 51,77 бойлығында болған. Жер асты дүмпулері Баку уақытымен 16:53 аралығында тіркелген.
Осы факті бойынша Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаментінің шұғыл нөмірлеріне қоңыраулар түспеген.