Танымал эстрада жұлдызы Роза Рымбаеваның концерті Мұнайлы ауданында жалғасты. Әншінің сахна төрінде жүргеніне 50 жыл толуына орай өткен ән кеші халықтың көңілінен шықты, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Қоғамдық коммуникация орталығына сілтеме жасап.
«Әр айтқан әнімізге ыстық ықыласын, тілегін, ниетін білдірген көрерменімізге алғысым шексіз. Осы орайда маңғыстаулықтарды Амал мерекесімен құттықтаймын. Амал мерекесіне жылдан-жылға аман-есен жете берейік»,- деді ҚР еңбек сіңірген өнер жұлдызы Роза Рымбаева.
Әрі қарай кешті Әли Оқапов пен Мәди Рымбаев әсем әнімен әрледі. Әлидің орындауында «Мен қазақпын», «Бақытты қарсы алайық» атты әндері шырқалды. Сондай-ақ ол маңғыстаулық жұрттық ыстық ықыласы мен қошеметіне риза екенін жеткізді.
Кеш барысында аудан әкімінің орынбасары Сара Ноғайқызы өнерпаздарға алғыс білдіріп, гүл шоғын ұсынды.