Жаңаөзенде "Газ 2705" көлігінің жүргізушісі Nissan Maxima көлігіне жол бермеген. Салдарынан инкассатор көлігі аударылып қалды. Бұл туралы облыстық полиция департаменті мәлімдеді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
- Жол апатынан зардап шеккен бір адам қалалық ауруханаға жеткізілген. Медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйіне шығарылды, - деді полиция департаментінің баспасөз қызметі.
«ГАЗ 2705» автокөлігінің жүргізушісіне жол қозғалысы ережелерін бұзып, салдарынан адам денсаулығына зиян келтірген, сонымен қатар көлік құралдарын немесе өзге де мүлікті бүлдіргені үшін әкімшілік хаттама толтырылды.