© Kmg.kz
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (ҚМГ) 2024 жылға арналған жоспарлы іс-шараларына сәйкес «Қазақ газ өңдеу зауыты» ЖШС («ҚазГӨЗ» ЖШС) 2020-2023 жылдардағы қаржы-шаруашылық қызметін кешенді тексеру жұмыстары басталды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Осы мақсатта ҚМГ корпоративтік қауіпсіздік департаменті, комплаенс қызметі, ішкі аудит қызметі, газды қайта өңдеу және дайындау басқармасы, сатып алу және жабдықтау және құқықтық қамтамасыз ету департаменттерінің жоғары білікті мамандарынан жасақталған жұмыс тобы «ҚазГӨЗ» ЖШС тиісті тексеру жұмыстанын жүргізуде.
Жұмыс тобының назарына бюджеттік және орындаушылық тәртіптің жай-күйі, өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғау, сатып алу рәсімдері, кадрлық және талап-арыз жұмысын ұйымдастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды іске асыру, сондай-ақ өндірістік жоспарлар мен әлеуметтік бағдарламаларды орындау мәселелері ілікті.
Тексеру қорытындысы бойынша «ҚазГӨЗ» ЖШС қызметінің тиімділігін арттыруға, сондай-ақ кәсіпорынның сапалы жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында өндірістік, экономикалық және әлеуметтік сипаттағы мәселелерді шешуге бағытталған түзету іс-шараларыңың жоспарын қабылдау күтіледі.