Ақтау қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің ұстазы, биология пәні мұғалімі Гүлжан Нүсіпжанова «Ыбырай Алтынсарин» төсбелгісінің иегері атанды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Гүлжан Нүсіпжанова Астана қаласында өткен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы қатысушы мемлекеттерінің мұғалімдері мен білім беру саласы қызметкерлерінің VII съезінің пленарлы отырысына қатысты. Шара аясында Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов жас ұрпақты оқыту және тәрбиелеу ісіндегі елеулі табыстары үшін «Ыбырай Алтынсарин» төсбелгісімен марапаттады.