Маңғыстау облысы прокуратурасының бастамасымен Қылмыстық процеске қатысушылардың конституциялық құқықтарын сақтау және азаптауларды жою мәселелері бойынша алқа мәжілісі өтті, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Прокурорлар процеске қатысушылардың құқықтарын сақтауды қамтамасыз ету бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады. Сотқа дейінгі тергеу барысында Заң бұзушылықтарды барынша азайтуға мүмкіндік берген қылмыстық процестің үш буынды моделінің оң әсерін атап өтті.
Тергеу органдарының күдікті деп тану және олардың іс-әрекеттерін саралау туралы шешімдерін келісуден бас тарту арқылы 87 азаматтың конституциялық құқықтары қорғалды. Азаптау саны 50% - ға азайды.
Қылмыстық процесте азаматтардың құқықтарын сақтауды қамтамасыз етудегі заманауи технологиялардың маңызды рөліне назар аударды.
Бүгінгі күні қылмыстық қудалау органдарының тергеу бөлімшелерінде арнайы бейнебақылаумен жабдықталған 100-ге жуық жауап алу кабинеті жұмыс істейді, оның 78-і полиция ғимараттарында. Алқа мәжілісінде сотқа дейінгі тергеу барысында заңдылықты қамтамасыз ету үшін прокурор мен құқық қорғау органдары қызметкерлерінің жауаптылығын күшейту бойынша бірқатар ұйымдастыру шаралары қабылданды. Сонымен қатар қылмыстық процестің барлық қатысушыларына қатысты заңдылық, объективтілік және әділдік қағидаттарының тең дәрежеде сақталуына ерекше назар аудару тапсырылды.