Ағымдағы жылдың 28 қараша күні сағат 21:40-та белгісіз тұлға ер адамнан алаяқтық жолмен “уақытша қоңырау шалуға” ұялы телефонын сұраған. Кейін телефонды қайтармай, алдап кеткен, деп хабарлайды mangystaumedia.kz облыстық ПД-не сілтеме жасап.
Жәбірленуші полицияға арызбен жүгінген. Оған келтірілген шығын 185 000 теңгені құрайды.
- Криминалдық полиция қызметкерлері 26 жастағы жергілікті тұрғын ұстады. Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК 190-бабы (алаяқтық) бойынша іс қозғалды. Өзге мәліметтер тергеу мүддесі үшін жария етілмейді, - делінген полиция хабарламасында.
Маңғыстау облысы Полиция департаменті алаяқтардан сақ болуға шақырады. Жеке мүліктеріңізге мұқият болуларыңызды сұраймыз.