© Сайт архивінен
Бүгін Мемлекет басшысының жарлығымен Нұрлан Ноғаев Маңғыстау облысының әкімі қызметіне қайта тағайындалды.
Өңір басшысына облыстағы барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының басым бөлігі дауыс берген, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Естеріңізде болса, Нұрлан Ноғаев 2021 жылдың 7 қыркүйегінде Маңғыстау облысының әкімі болып тағайындалған болатын. Бірнеше күн бұрын барлық облыстың әкімдері қайта тағайындалғанша өз өкілеттіктерін тоқтатып, міндетін уақытша атқарушы болған еді. Енді тиісті жарлыққа Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды.
Маусым айында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жарлығымен өңір әкімдерін тағайындаудың жаңа ережелерін бекітті. Соған сәйкес, Мемлекет басшысы ұсыным негізінде мәслихаттарға облыс, республикалық маңызы бар қалалардың әкімі лауазымына кемінде екі үміткерді ұсынады. Оған депутаттар жасырын түрде дауыс береді.