Маңғыстауда 25 колледж түрлі мамандықтар бойынша қабылдау жүргізіп жатыр, деп хабарлайды mangystaumedia.kz Қоғамдық коммуникация орталығынв сілтеме жасап.
Мәселен, М.Тынышпаев атындағы ҚазККА Ақтау көлік колледжі 13 мамандық бойынша студенттерді қабылдап жатыр. Атап айтсақ,
- Логистика;
- Автоматика, телемеханика және темір жол көлігіндегі қозғалысты басқару;
- Темір жолдың жылжымалы тартқыш құрамын пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету;
- Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану;
- Темір жол құрылысы, жол және жол шаруашылығы;
- Темір жол көлігіне тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару;
- Жол қозғалысын ұйымдастыру;
- Электромеханикалық жабдықтарға техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану;
- Машиналар мен жабдықтарды пайдалану;
- Темір жол көлігінің көтергіш-көлік, құрылыс-жол машиналары мен механизмдерін техникалық пайдалану;
- Темір жолдың вагондар мен рефрижераторлы жылжымалы құрамын пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету;
- Темір жолдың жылжымалы тартқыш құрамын пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету;
- Темір жол көлігіне тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару.
- Оқуға қабылдау мемлекеттік қаржыландыру есебінен жүргізіледі және барлық қабылданушыға бірінші семестр қорытындысына дейін шәкіртақы тағайындалады. Оқу орнының 200 орындық замануи үлгідегі жатақханасы бар,-деді М.Тынышпаев атындағы ҚазККА Ақтау көлік колледжінің өкілі Саян Бимұрза.
Ал, Жаңаөзен политехникалық колледжі 200 студентті төмендегі мамандықтар бойынша қабылдауды жоспарлаған. Атап айтсақ:
- Тамақтандыруды ұйымдастыру;
- Аспазшы;
- Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету,жөндеу және пайдалану;
- Техник-механик;
- Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу;
- Модельер-конструктор;
- Әлеуметтік жұмыс;
- Әлеуметтік қызметтер;
-Бағдарламалық қамтамасыз ету (түрлері бойынша);
- Ақпараттық жүйелер технигі;
- Тамақтандыруды ұйымдастыру;
-Кондитер-безендіруші;
-Дәнекерлеу ісі (түрлері бойынша);
-Электргазымен дәнекерлеуші;
-Есеп және аудит;
- Бухгалтер.
- Колледждің заманауи жетілдірілген материалдық-техникалық базасы бар. Оқу ғимаратында спорт зал, 150 орындық-асхана, акт залы, медициналық кабинет, 48 оқу кабинеттері, 5 шеберхана, ресуртық орталық және 2 зертханалық кабинеттері бар. Белгіленген мамандықтар бойынша колледжге оқуға түсу үшін Жаңаөзен қаласы Ақсу шағын ауданы Б.Тұрниязұлы көшесі 76 ғимаратқа келуіңізге болады,-деді Жаңаөзен политехникалық колледжінің өкілі Гүлдана Тәжібаева.
Қарақия кәсіптік колледжі 7 мамандық 8 біліктілік бойынша қабылдап жатыр. Атап айтсақ:
- Дәнекерлеу ісі;
- Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану;
- Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану;
- Есептеу техникасы және ақпараттық желілер;
- Тамақтандыруды ұйымдастыру;
- Тері және тон бұйымдарын өндіру технологиясы;
- Тоңазытқыш-компрессорлық машиналар мен қондырғыларды пайдалану мен монтаждау;
- Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу.
- Барлық қабылданатын жұмысшы мамандықтары 9 сынып базасы негізінде қабылданады, оқу мерзімі 2 жыл 10 ай. Оқуға қабылдау мемлекеттік қаржыландыру есебінен жүргізіледі және барлық қабылданушыға бірінші семестр қорытындысына дейін шәкіртақы тағайындалады. Оқу орнының 200 орындық замануи үлгідегі жатақханасы бар, жатақханаға орналасу студенттер үшін тегін,-деді Қарақия кәсіптік колледжінің өкілі Айнұр Сәбиева.
Ақтаудағы Қайнар колледжі 13 мамандық, 21 біліктілік бойынша мамандар дайындайды.
2022-2023 оқу жылында төмендегі 6 мамандыққа мемлекеттік тапсырыспен оқуға қабылдайды.
- Кәсіптік оқыту (салалар бойынша);
- Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар;
- Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту;
- Қосымша білім беру;
- Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі;
- Бағдарламалық қамтамасыз ету (түрлері бойынша).
- Қазіргі уақытта «Қайнар» колледжінің 4 қабатты оқу ғимараты бар, материалдық-техникалық базасы жоғары, оқу орны. Колледжіде оқу кабинеттері мен зертханалар қазіргі заманғы ақпараттық-коммуникациялық құралдарымен жабдықталған. 70 мың данадан астам кітап қорымен жабдықталған кітапхана және 600-ден астам электрондық оқулықтармен қамтамасыз етілген,-деді Қайнар колледжінің өкілі Шалқы Бекмағанбетова.
Ал, Ақтау технологиялық қызмет көрсету колледжіне мемлекеттік тапсырыс 250 орынға 10 мамандық бойынша берілген.
Бүгінгі таңда оқу орны төмендегі мамандықтар бойынша оқуға шақырады:
- Телекоммуникациялық жабдықтар мен байланыс арналарын электромонтаждаушы- реттеуші;
- Модельер – пішуші;
- Жабдықты баптаушы;
- Сандық техниканы монтаждаушы-жөндеуші.
- «Жас маман» жоба шеңберінде 2021 жылы екі құзыреттілік орталық ашылды. «Тігін өндірісі және киімді модельдеу» орталығы, «Байланыс және телекоммуникация» орталығы. Бұл мамандықтар бойынша заманауи құрылғылармен жабдықталған оқу шеберханалары бар;-деді Ақтау технологиялық қызмет көрсету колледжінің өкілі Мира Нұрханова.
Айта кетейік, 25 маусымынан бастап оқуға құжат қабылдау жүргізілуде. Құжаттарды қабылдау процесі автоматтандырылды. Құжаттар қағаз жүзінде abiturient.kz ақпараттық жүйесі арқылы тіркеледі. Құжат қабылдау: жұмысшы, орта буын және прикладной бакалавр жүргізілуде. Конкурсқа өтініш берген кезде оқуға түсушілер бірден төрт мамандықты және төрт колледжге дейін оқыту тілін, білім деңгейін таңдай алады.