Шымкент тұрғыны әлеуметтік желіде жігітпен танысам деп күтпеген жағдайға тап болды. Кездесудің соңы қарақшылықпен аяқталды. Күдікті ізін суытпай ұсталды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz Kazinform ақпарат агентігіне сілтеме жасап.
Қала тұрғыны бірнеше күн бұрын интернетте жігітпен танысады.
Екеуі кездескен соң жас жігіт оған тосынсыйым бар деп көзін байлап, пәтерге алдап кіргізеді.
Содан кейін қыздың қолын байлап, ас үй пышағымен қорқытып, онлайн шағын несиеге өтініш беруге мәжбүрлеген.
Қаскүнем ақшаны дереу есепшотына аудартып, оқиға орнынан бой тасалаған.
Жігіт бірнеше сағаттың ішінде қаладағы Арбатта ұсталды.
Ол жақында ғана мегаполиске ақша табу мақсатында келген Орал қаласының тұрғыны болып шықты.
Күдікті изоляторға қамалды.