Үкіметтің 2023 жылғы 25 сәуірдегі "2023 жылы демалыс күнін кейінге қалдыру туралы" қаулысы жарияланды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Елорда күніне қазақстандықтар 6, 7, 8 және 9 шілдеде бес күндік жұмыс аптасында демалады. Бұл ретте 1 шілде жұмыс күні болады.
Алты күндік жұмыс аптасында демалыс күндері 6, 7 және 9 шілдеде болады.
Сонымен қатар, 28 маусым күні Қазақстанда Құрбан айттың бірінші күні атап өтіледі.