22 мамырда «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесінің төртінші кезеңі аяқталды. Таңғы 7.00-де 14 команда Ақмола облысының аумағындағы Торғай елді мекенінен Жолымбет елді мекеніне аттанды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Жорық бағдарламасына сәйкес, командалар марафон-бәйгенің келесі 100 шақырымын бағындырып, төртінші кезеңнің мәресі Жолымбет елді-мекені маңында аяқталды.
Төртінші кезең қорытындысы бойынша, Жетісу облысының командасы жеңімпаз атанды. Маңғыстау облысының шабандоздары мәре сызығына екінші болып жетсе, Алматы қаласының командасы үштікке ілікті.
Айта кетейік, жол қашықтығы 500 шақырымды құрайды және бағыт Павлодар, Ақмола облыстарын қамтиды. Марафон 23 мамырда Астанада аяқталады.