Ұлттық ұланның Жаңаөзен қаласында орналасқан 5548 әскери бөлімінің жауынгерлері қаладағы қоғамдық тәртіпті сақтау кезінде есірткі тәркіледі, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
5548 әскери бөлімінің жасақ кезекшісі лейтенант Ерболат Батырбеков серіктестерімен бірге белгіленген аймақта қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етіп жүреді. Кешкі сағат 21:00 шамасы кезінде, қала көшелеріндегі көпқабатты үйдің маңында тұрған белгісіз азамат әскери жасаққа күдік туғызады. Лейтенант Ерболат Батырбеков азаматтың қасына барып өзін таныстырған соң тінту жұмыстарын жүргізеді. Тінту жұмыстары барысында «Леси» есімді қызметтік ит иісті сезіп белгі береді. Қызметтік иттің белгі берген жерін тексеру барысында күдіктінің қалтасынан қағаз бумасына оралған есірткі заты табылған. Ұландықтар күдіктіні Жаңаөзен қаласының полиция бөлімшесіне жеткізеді.
Қазіргі таңда аталмыш оқиға бойынша ҚР ҚК 296 бабына сәйкес қылмыстық іс жүргізіліп жатыр.