Премьер-Министр Олжас Бектенов Маңғыстау облысының шекарасын ұлғайту жайлы үкімет қаулысына қол қойды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz Премьер-Министрдің сайтына сілтеме жасай отырып.
«Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Каспий теңізіндегі Қазақстан Республикасы аумақтық суларының (теңізінің) ені мен Қазақстан Республикасы аумақтық суларының (теңізінің) сыртқы шегін есептеуге арналған бастапқы сызықтар арасындағы ені 12 теңіз милі болатын жалпы ауданы 1638837,5075 гектар жерді Маңғыстау облысының аумағына қосу жолымен Маңғыстау облысының шекарасы өзгертілсін;
Маңғыстау облысының әкімдігі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын;
Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі», - деп жазылған қаулыда.