Ақтау қалалық полиция басқармасы әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында жол ережесін сақтамай, авариялық жағдай туғызған автокөлікті анықтаған, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Қалалық полиция басқармасының хабарлауынша, 29 шағынауданға қарама қарсы тас жолда, Нұрас жол қиылысында тіке жүретін жолақтан солға бұрылған көлік жүргізушісіне әкімшілік хаттама толтырылған.
Ақтау қаласы ПБ ППБ қызметкерлерімен жүргізушінің жеке басы анықтап, оған қатысты ҚР ӘҚБтК 601-бап бойынша әкімшілік хаттама жасақталған.
Сондай-ақ 4 шағынаудан мен 5 шағынаудан арасындағы бағдаршаммен реттелген жол қиылысында Mitsubishi Pajero Sport маркалы автокөліктің жүргізушісі солға бұрылу кезінде басты жолда келе жатқан автокөлікке жол бермеген.
Жүргізушінің жеке басы анықталып, оған ҚР ӘҚБтК 600-бабы 1-бөлігі және 594-бабы 2-бөлігі бойынша әкімшілік хаттамалар жасақталған.