Биыл 1 тоқсанның қорытындысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментіне мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына қатысты қызмет алушылардан келіп түскен өтініштердің ішінен 4 қызмет алушының құқықтары толықтай қалпына келтірілді.
Қызмет алушылардан келіп түскен шағымдарының басым көпшілгі жер қатынастары, сәулет-қала құрылысы қызметі салаларына қатысты.
Мысалыға, Департаментке Ақтау қаласы әкімдігінің сәулет-қала құрылысы саласындағы бөлімінің сәулет жоспарлау тапсырмасын алу кезіндегі қабылдаған бас тарту туралы шешімімен келіспейтіні жөнінде шағым келіп түсті.
Тексеру нәтижесінде шағым иесінің уәждері өз дәлелін тауып, Бөлімге анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама енгізіліп, қызмет алушының заңды мүдделері мен бұзылған құқықтары толықтай қалпына келтірілді.
Бұған қоса, аталған заңбұзушылықтарға жол бергені үшін Ақтау қаласы әкімдігіне қарасты сәулет және қала құрылысы саласындағы уәкілетті органның басшысына Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 465 бабының 2 бөлігіне сәйкес әкімшілік іс қозғалып, 55 580 теңге көлемінде айыппұл салынды.
Бұған қоса, 1 тоқсан қорытындысы бойынша Департаменттің тікелей араласуымен Түпқараған және Мұнайлы аудандарында жоғарыда көрсетілген салаларда 3 кәсіпкердің құқықтары қалпына келтірілді.
Егер мемлекеттік қызмет көрсету кезінде заңнама талаптарының сақталмағанына куә болсаңыз, яғни мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі бұзылса, мемлекеттік қызмет көрсетуден негізсіз бас тартылса, артық құжаттар талап ету фактісі болса немесе қызмет көрсету талабы бұзылса, Сіз құқығыңызды Департаментке шағымдану арқылы қорғай аласыз.
Біздің мекен-жайымыз: Ақтау қаласы, 14 ш.а., 1 ғимарат, 2-Блок. Байланыс нөмерлері:
8 (7292) 30-36-49, 8 (7292) 30-30-39 кеңсе нөмірі.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің
Маңғыстау облысы бойынша департаменті