Мемлекеттік және халықаралық деңгейге сай, бәсекеге төтеп бере алатын, жан-жақты, құқықтық сауатты ұрпақ тәрбиелеу бүгінгі қоғамның басты талабы екені сөзсіз. Ішкі және сыртқы күрделі мәселелерді шешуде жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру керек. Ал ол үшін құқықтық білім беру, құқықтық сана қалыптастыру, жауапкершілікті арттыру міндеттері алға шығады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында «Заң үстемдігі орнықпаса, азаматтардың қауіпсіздігіне кепілдік берілмесе, әлеуметтік-экономикалық дамудың бірде-бір міндеті табысты жүзеге асырылмайды» деген болатын.
Сол себепті, қоғамның құқықтық мәдениетін қалыптастыру мен құқықтық сауаттылықты арттыруда волонтер - заңгерлердің рөлі өте ерекше. Волонтерлердің қоғам өміріндегі рөлінің маңыздылығы барған сайын күшейе түсуде. Оған біздің елімізде Мемлекет басшысының 2020 жылды "Волонтер жылы" деп жариялауы дәлел бола алады.
Волонтер деген кім? Волонтер - бұл өз ынтасымен азаматтық қоғамның игілігі үшін әрекет ететін, өзінің білімін, уақыты мен күшін материалдық сыйақы алуға немесе ақы төленетін жұмысқа емес, бірлескен әлеуметтік күш үшін арнайтын адамдар.
2024 жылдың 15 - ші мамыр күні Yessenov University «Құқықтану» кафедрасының ұйымдастыруымен «Мемлекет кепілдік берген заң көмегі» тақырыбында кездесу шарасы ұйымдастырылды. Кездесуге арнайы қонақ ретінде Маңғыстау облысы Әділет департаментінің басшы орынбасары Жумин Жақсылық Жанатұлы шақырылды. Кездесу шарасының негізгі мақсаттарының бірі – волонтерлік жобаны іске асыру. Іс-шара барысында департаменттің қызмет бағыттарымен таныстырып, болашақ заңгерлерге қоғамдағы заң саласының рөлі туралы айтылды. Заң көмегі, авторлық құқық, нормативтік құқықтық актілерді тіркеу, атқарушылық іс жүргізу және тіркеу саласы туралы баяндады. Алдағы уақытта волонтер студенттермен және волонтер заңгерлермен бірлескен жұмыс жоспары талқыланды.
Жоспарда төмендегідей кешенді іс – шаралар өткізілетіні айтылды:
Мемлекет басшысы волонтерлікпен айналысу қазақ халқының бойында бар асыл қасиет екенін еске салып, ата салтымызды қайта жаңғыртудың сәті келгеніне тоқталған. «Игі іспен айналысу, адамдарға жақсылық жасау – халқымыздың көне заманнан келе жатқан дәстүрі. Біз осы дәстүрді сақтап қалуымыз керек. Себебі біреуге қол ұшын созып, қолдау көрсету – қанымызға сіңген қасиет. Халқымызда осындай береке-бірлікке шақыратын «Асар» дәстүрі бар. Бұл – ғасырлар бойы құндылығын жоймаған ата салтымыз. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дейді халқымыз. Волонтерлік қызметтің басты мақсаты да – бірге жұмылып, халыққа қызмет ету», — деген болатын Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев.
УТЕНОВА АЙГУЛЬ АЙДАРБАЕВНА
Заң ғылымының магистрі, Yessenov Universit