Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау немесе эколог күнін Ақтау қаласының НЗМ "Эколидер" клубының және "Қаракөл көлінің сақтаушылары" еріктілер тобының мүшелері (НЗМ ХБН) Қаракөл көлінің жағасында атап өтті. Іс-шара Үстірт қорығымен, Маңғыстау облысы бойынша "EcoJer" қауымдастығының аймақтық экологиялық кеңесімен, Батыс Қазақстанның "Табиғи орта" ҮЕҰ Өңірлік қауымдастығымен бірлесіп, қазақстандық биоәртүрлілікті сақтау қауымдастығының (АСБК) және ақбөкенді сақтау альянсының қолдауымен "Парктер маршы" халықаралық табиғат қорғау акциясы аясында ұйымдастырылды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
"Эколидер" мектеп клубының және "Қаракөл көлінің сақтаушылары" волонтерлік жасағының басшысы, Ақтаудағы ҚББ НЗМ экология жөніндегі үйлестірушісі, АСБК және "EcoJer" өңірлік экологиялық кеңесінің мүшесі Бақытгүл Жақсылықова акцияға қатысушылар үшін Қаракөл көліндегі экосенбіліктен басқа (қалдықтарды бөлек жинай отырып санитарлық тазалау) құстарды есепке алу және жүйелі мониторингілеу ұйымдастырылғанын атап өтті, "Ақбөкен және оның тіршілік ету ортасы" экологиялық викторинасы және ашық ауада белсенді ойындар ұйымдастырылды. Сондай-ақ PASCO цифрлық зертханасымен судың, ауаның, топырақтың негізгі параметрлері талданды.
Орталық Азияның Рамсар өңірлік бастамасының қоғаммен байланыс жөніндегі өкілі, Батыс Қазақстанның "Табиғи орта" ҮЕҰ Өңірлік қауымдастығы кеңесінің төрағасы, экология және табиғи ресурстар министрлігінің Қоғамдық кеңесінің мүшесі және "EcoJer" өңірлік экологиялық кеңесінің мүшесі Әділбек Қозыбақовтың айтуынша, құстарды бақылау нәтижесінде 100 үлкен суқұзғыны, 20 сыбырлақ аққу, 20 өгізшағала, 10 көк шағала, 10 кіші қарқылдақ, 6 үлкен сұқсыр, 2 саз құладыны,2 шаушүрілдек торғай анықталған.