Мемлекеттік қызметшілер арасында волейболдан өткен жарыста Мұнайлы ауданының командасы топ жарды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz аудан әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аудан әкімі Ержан Күмісқалиев қатысқан құрама үздік атанып, алтын медаль қанжығалады.
Маңғыстау ауылының «Бесшоқы» спорт кешенінде өткен Маңғыстау облыстық спартакиадасына Маңғыстау, Бейнеу ауданы мен Жаңаөзен қаласынан 6 топ қатысты.
Ойын барысында Мұнайлы ауданы тартысты ойын көрсетті.
-ҚР мемлекеттік қызметкерлер арасында өткен спартакиаданың іріктеуінде Мұнайлы ауданы Жаңаөзен қаласынан келген топты 2:0 есебімен, Бейнеу ауданын 2:0 есебімен ұттық. Ширек финалда мемлекеттік кірістер басқармасының тобынан 2:0 есебімен алға шықтық. Ақтық мәреде Маңғыстау аудынын 2:1 есебімен артта қалдырдық. Барлығы жақсы дайындалған. Жарыс қызықты өтті, - деді Мұнайлы аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы Жансерік Қайырханұлы.