© Dixinews.kz
Маңғыстау облысының екі дзюдошысы Астанада өтетін маңызды жарысқа қатысады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
10-12 мамыр күндері өтетін елордада дзюдодан «Qazaqstan Barysy Grand Slam» әлемдік турнирі өтетіні белгілі. Аталған сында ел атынан қатысатын спортшылар қатарына бапкерлер Асқар Нарқұлов пен Руслан Мұсаевты қосып отыр.
Бұл сынға Қазақстан командасы барлық салмақ бойынша толық құраммен қатысады. Еліміздің дзюдо федерациясының баспасөз қызметінің мәліметінше, елорда татамиінде бақ сынайтын Қазақстан ерлер дзюдошылардың тізімін төмендегідей:
-60 кг: Елдос Сметов, Мағжан Шамшадин, Шерзод Давлатов, Дәурен Суюкенов
-66 кг: Есет Қуанов, Ғұсман Кырғызбаев, Нұрсұлтан Зайзағалиев, Жанарыс Рахметқали
-73 кг: Данияр Шамшаев, Асқар Нарқұлов, Жансай Смағұлов, Бақытжан Әбдірахманов
-81 кг: Абылайхан Жұбаназар, Жалғас Қайролла, Руслан Мұсаев, Мәди Амангелді
-90 кг: Айдар Арапов, Ермахан Әнуарбеков, Құдырет Досымов, Мавлидов Мұхаммедали
-100 кг: Нұрлыхан Шархан, Ислам Бозбаев, Әділет Сапарғалиев, Бекзат Шағатаев
+100 кг: Еламан Ерғалиев, Ерасыл Қажыбаев, Мәди Еділбаев, Ғалымжан Қырықбай.