© ortcom.kz
Эстетикалық топтық гимнастикадан Маңғыстау облысының ашық чемпионаты Жаңаөзен қаласында өтеді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Байқауда Ақтау, Жаңаөзен қалаларынан және Бейнеу ауданынан әртүрлі жас санаттарында, сондай-ақ аралас командалар өнер көрсетеді.
Чемпионаттың ашылу салтанаты Рахат ауылындағы «Jaksy» спорт кешенінде 1 мамыр күні өтеді.
Өтетін орны - Рахат ауылы, «Jaksy» спорт кешені. Жарыс сағат 10:30-да басталады.