Ақтауда футзалдан 59-ашық біріншіліктің марапаттау рәсімі өтті, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Қала әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, жыл сайын футзал жарысына 1500-ден астам көрермен қатысады. Биыл футзал жарысы 4 лига бойынша өткізілді. Атап айтқанда, бірінші, екінші, үшінші және жоғарғы лига. Додада 70-ке жуық команда бақ сынады.
Біріншліктің марапаттау рәсімінде Ақтау қаласының әкімі Ұлықбек Тналиев сөз сөйлеп, жарыс жеңімпаздарын марапаттады.
-Ақтау қаласында футзал жақсы дамып келе жатыр. Әсіресе, бұл спорт түріне деген жастардың қызығушылығы мен қолдауы ерекше. Оның дәлелі биылғы футзал жарысы 4 лига бойынша өткізілді. Футзал сайысына қатысқан спортшыларға алғысымды айтамын. Биіктерден көріне беріңіздер!, - деді Ақтау қаласының әкімі Ұлықбек Тналиев.
Футзалдан Ақтау қаласының 59-ашық біріншілігінің қорытындысына сәйкес жеңімпаздар медальдармен, дипломдармен және кубокпен марапатталды.
Жоғарғы лига
I орын - «Бұрғылау» командасы
II орын - «Баянды» командасы
III орын - «Кезби» командасы
Бірінші лига
I орын - «Қаражанбасмұнай» командасы
II орын - «Шыны талшықты құбыр зауыты» ЖШС
III орын - «Бейнеу Қыран» командасы
Екінші лига
I орын - «Қазақ Ауыл» командасы(Шетпе)
II орын - «Басқұдық» командасы
III орын - «Фир Каспиан» командасы
Үшінші лига
I орын - «Батыр МФК» командасы
II орын - «Али-Имран» командасы
III орын - Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаменті
«Үздік төрешілер»
Жоғарғы лига
Роман Дзусов
Бірінші лига
Нұрәділ Қалдан
Екінші лига
Тұңғышбай Мұғал
Үшінші лига
Аманберді Кимелов
Номинациялар бойынша
Жоғарғы лига
«Үздік қақпашы»
Арман Сергеев(«Бұрғылау» командасы)
«Үздік қорғаушы»
Бекруз Пишкар(«Кезби» командасы)
«Үздік шабуылшы»
Ақжол Базарбай («Баянды» командасы)
«Үздік сұрмерген»
Абылай Құрақбаев («Мұрагер» командасы)
«Үздік бапкер»
Алтынбек Жұмағалиев(«Бұрғылау» командасы)
«Үздік ойыншы»
Нұрлан Тұрымбаев(«Бұрғылау» командасы)
Бірінші лига
«Үздік қақпашы»
Жәнібек Көбегенұлы («Қаражанбасмұнай» командасы)
«Үздік қорғаушы»
Алишер Жалғабаев («Шыны талшықты құбыр зауыты» ЖШС)
«Үздік шабуылшы»
Рауан Жеткізген («Бейнеу Қыран» командасы)
«Үздік сұрмерген»
Абай Унайбаев (Мемлекеттік кірістер департаменті)
«Үздік бапкер»
Асхат Қылишаев («Бейнеу Қыран» командасы)
«Үздік ойыншы»
Марат Атағазиев («Қаражанбасмұнай» командасы)
Екінші лига
«Үздік қақпашы»
Темирлан Хали («Фир Каспиан» командасы)
«Үздік қорғаушы»
Жалгасбек Балтабаев («Қазақ Ауыл» командасы)
«Үздік шабуылшы»
Жақсылық Тобанияз («Қазақ Ауыл» командасы)
«Үздік сұрмерген»
Әнет Кемежанов (Маңғыстау облысының әкімдігі)
«Үздік бапкер»
Темирлан Кебекбаев («Фир Каспиан» командасы)
«Үздік ойыншы»
Нұрболат Жексенбаев («Басқұдық» командасы)
Үшінші лига
«Үздік қақпашы»
Сұңғат Жүзболсын (Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаменті)
«Үздік қорғаушы»
Жасұлан Кенжебеков («Али-Имран» командасы)
«Үздік шабуылшы»
Оразалы Оракбаев («Батыр МФК» командасы)
«Үздік сұрмерген»
Алибек Қыдырбаев («Барак-Ата» командасы)
«Үздік бапкер»
Саламат Боранбаев («Али-Имран» командасы)
«Үздік ойыншы»
Нурболат Қытайбай («Батыр МФК» командасы)