Ақтауда алғаш рет 13-17 мамыр аралығында самбо күресінен Азия және Океания чемпионаты өтеді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
12 мамырда«Nur Plaza» қонақ үйінде брифинг ұйымдастырылады. Ал чемпионат Ақтау қаласы «Халық арена» спорт кешенінде өтеді.
Басталуы: 13 мамыр, сағат 10:00-де.
Ашылу салтанаты: 13 мамыр, сағат 17:00-де.
Кіру: тегін