Абу Даби қаласында джиу-джиусудан өтіп жатқан Азия чемпионатында маңғыстаулық спортшылар ел қоржынына кезекті жүлделерін салып, 2 күміс, 1 қола медальға ие болды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz облыстық спорт басқармасына сілтеме жасап.
Жарыстың екінші күні ерлер арасында 62 келіде сынға түскен Атакелді Есетов қола жүлдегер атанса, 52 келіде Айбану Нигматуллаева күміс жүлдегер атанды.
Ал, жарыстың үшінші күні ерлер арасында контакт бөлімінен 62 келі салмақта өнер көрсеткен Нұржау Тәсеменов Азия Чемпионатының күміс жүлдегері атанды.
Айта кету керек, жарыстың алғашқы күні Маңғыстау облысының спортшылары бірі Азия чемпионы атанса, бірі қоладан алқа тақты.
1-8 мамыр аралығында Біріккен Араб Әмірлігінің астанасында өтіп жатқан Азия чемпионатына жасөспірімдер, жастар және ересектер арасында 35 мемлекеттен 1500-ге жуық спортшы қатысуда.