Ақтау қаласында 13-17 мамыр аралығында алғаш рет самбодан Азия және Океания чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Жарыста 25 елден түрлі салмақ дәрежесінде 500-ге жуық спортшылар қатысуда.
Маңғыстау облысы прокурорының аға көмекшісі, әділет кеңесшісі Нұрлан Аманиязов үздік самбошы атағына таласты.
Чемпионаттың финалында Н.Аманиязов Өзбекстан балуанын жеңді.
Нұрлан Аманиязов прокуратура органдарында 18 жылдан астам қызмет етеді, самбодан спорт шебері.