Астана қаласында 14-15 мамыр күндері эстетикалық топтық гимнастикадан өткен Қазақстан Республикасының чемпионатында жаңаөзендік гимнастшылардан құралған «Caspian Stars» тобы қола жүлдеге ие болды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Чемпионатқа республика бойынша 100-ге жуық команда қатысқан. Сындарлы сайысқа Маңғыстау өңірінен бір топ қатысты.
Маңғыстау облыстық көркем және эстетикалық гимнастика федерациясының директоры Гүлзира Ақжігітованың айтуынша, елімізде жыл өткен сайын эстетикалық топтық гимнастикамен айналысатын спортшылар арасында бәсекелестік күшейіп келеді.
- Дәл осы гимнастика түрі қарқынды дамып жатқандықтан, жылына үш рет ел чемпионаты өтіп отырады. Аталған чемпионат барлық жас ерекшелігі бойынша өтті. Облыс намысын қорғаған, жарыстарда жүлделі орындардан бой көрсетіп жүрген «Caspian Stars» тобы — біздің мақтанышымыз. Жаттықтырушысы - Нұрсауле Закарияқызы. Гимнастшылар алдағы уақытта жеңімпаз атанып, өңір мерейін өсіріп, абыройын арттыратынына сенімдімін, - деді Гүлзира Ақжігітова.