Маңғыстаулық Ғани Исентеміров парапауэрлифтингтен әлем кубогының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының мәліметінше, Тайландтың Паттайя қаласында парапауэрлифтингтен өткен әлем кубогы өтіп, онда жерлесіміз үздік нәтиже көрсетті.
Маңғыстаулық атлет парапауэрлифтинг спорт түрінен +107 келі салмақ дәрежесінде күш сынады. Бұл салмақта грузин спортшысы жеңімпаз атанса, күміс медальді Колумбия өкілі иеленді.
8-11 мамыр аралығында Таиландта өткен бұл додаға 33 мемлекеттің 157 спортшысы қатысқан болатын. Ал Қазақстан құрамасы сапында 11 спортшы шеберлік байқасты.