Абу Даби қаласында маңғыстаулық Әбу-Бәкір Жәнібек джиу-джитсудан Азия чемпионы атанды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz облыстық спорт басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жарыстың алғашқы күні ерлер арасында сынға түскен маңғыстаулық 2 спортшы алтын және қола медаль еншіледі. Атап айтқанда 69 келіде Әбу-Бәкір Жәнібек 6 дүркін Азия чемпионы атанса, осы салмақ дәрежесінде қола жүлдені Айбек Закарин алды.
Азия Чемпионатында Әбу-Бәкір Индия, Бангладеш, Тайланд елінің спортшыларын жеңсе, финалда Иран елінің спортшысынан басым түсіп жеңімпаз атанды.
1-8 мамыр аралығында Біріккен Араб Әмірлігінің астанасында өтіп жатқан Азия чемпионатына жасөспірімдер, жастар және ересектер арасында 35 мемлекеттен 1500-ге жуық спортшы қатысуда. Оның ішінде Маңғыстау облысынан 25 спортшы бақ сынайды.