Бұған дейін Жетібай-Қарамандыбас-Жаңаөзен тас жолының 3,9 км (751,1-79 км) учаскесінде ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілген болатын. Алайда, осы жұмыстарды орындау және жол жағдайларын одан әрі тексеру барысында жолдың жоғарғы бөлігінде жарықтар пайда болғаны анықталды және мердігерге кемшіліктерді жоюды талап ететін хат жіберілді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz ӨМГ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бұдан әрі жол сапасын тексеру бойынша "Жол активтері сапасының ұлттық орталығы" ШЖҚ РМК филиалына хат жолданды.
Сараптама нәтижелеріне сәйкес қабылданған шешім бойынша мердігер ұйым өз есебінен ақауларды жою бойынша жұмыстар жүргізеді.