Ауыл тұрғындары селмен өздері күресуде. @podslushano_aktau парақшасында тараған видеода су қорымға жақындап қалған. Толассыз жауған жаңбыр салдарынан Жармыш ауылы маңындағы аумақтарды су басып, қорымға жақындаған, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Көлдің пайда болуына Ақтаудан 186 шақырым жерде орналасқан Жармыш ауылы маңында жауған жауын-шашын себеп болған.
Жергілікті тұрғындардың айтуынша, су төбеде орналасқан қорымға дейін жеткен. Айта кетейік, бірде-бір мазар зардап шекпеген.