Бүгін таңертең Ақтаудағы 14-шағынауданындағы пәтерлердің бірінен ер адам мен әйелдің мәйіті табылды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Пәтерде қос адамның мәйіті табылғаны жайындағы хабарлама 102 пультіне сағат 10.40-та түскен. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы, полиция департаментінің және прокуратураның басшылығы барды. Қанды қылмысқа қатысы бар деген күдікпен 28 жастағы ер адам ұсталды. Оны бірден Ақтау қаласының полиция басқармасына жеткізді. Аталған дерек ҚР ҚК 99-бабы 2-бөлігі бойынша тіркелді. Тергеу жүргізілуде. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жария етілмейді.