Маңғыстау облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті өңірде "Азаматтық бақылау – чекті талап ет!" акциясын өткізуде, деп хабарлайды mangystaumedia.kz
Бақылау-касса машинасының фискалды түбіртегін бермеген немесе төлем карталары бойынша төлемді қабылдаудан бас тартқан кәсіпкерлер туралы хабарлаған тұлғаларға сыйақы төленетін болады. Мемлекет басшысының өзін-өзі реттеу, қоғамдық бақылау құралдарын мораторий кезеңінде жандандыру туралы тапсырмаларына сәйкес " Азаматтық бақылау- чекті талап ет!" акциясы қайта жанданды.
Акцияға кез келген адам қатыса алады. Барлық жолданған өтінімдерді мемлекеттік кірістер бойынша органдар қарайтын болады.
Фискалды түбіртекті бермеу немесе төлем карталары бойынша төлемді қабылдаудан бас тарту фактілерін хабарлау үшін App Store және Play market-тен "WIPON CASHBACK" тегін мобильді қосымшасын жүктеп, фискалдық түбіртекті бермеу фактісі расталған жағдайда телефон теңгеріміне сыйақы (ЖТС шегеріле отырып 1000 теңге көлемінде) алуға болады.
Кәсіпкер туралы мәліметтерді сәйкестендіру үшін сатып алушы кәсіпкердің кассалық аймағында орналасқан QR-код арқылы ақпарат ала алады.
Мемлекеттік кірістер департаменті Қазақстан Республикасының барлық азаматтарын өздерінің азаматтық ұстанымдарын білдіруге, заңды бұзуға нөлдік төзімділік танытуға және " Азаматтық бақылау-чекті талап ет!» акциясына белсенді атсалысуға шақырады.
Түсіндіру бейнеролигі сілтеме бойынша қолжетімді: