Жақында Ақтау қаласының 29 шағынаудан тұрғындары ауданішілік жолдардың жөндеу сапасына наразы болған. Ақтау әкімдігі осыған қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды сайт mangystaumedia.kz.
Осыған дейін "Каспий жылу, су арнасы" КЖСА 29 шағынауданның 26 және 30 үйлерінің жанында инженерлік коммуникацияларға жөндеу жүргізген. Жұмыстың көлеміне байланысты мамандар автомобиль жолы мен тротуардың жол жабынын қалпына келтіріп үлгермеген.
- Биыл "AES Company" ЖШС қала аумағындағы шағын ауданішілік жолдарға шұңқырлы жөндеу жүргізуге конкурсты жеңіп алды. 29 шағынауданның 30 және 26 үй тұрғындарының өтініші бойынша мердігер ұйым аталған учаскелердің автомобиль жолдары мен жаяу жүргіншілер жолдарының асфальттарын қалпына келтірді, - деп хабарлады Ақтау қалалық автомобиль жолдары бөлімі.
Айта кетейік, 15,14,4,29 және 28а шағын аудандарда шұңқыр жөндеу жұмыстары жүргізілген болатын. Қазіргі уақытта 32В шағынауданының жолы жөнделіп жатыр, ал 11 шағынауданның автомобиль жолдары кезекке тұр.