Ақтауда “Бәсекеге қабілетті кадрларды сапалы даярлауды қамтамасыз ету” әлеуметтік жобасы өтті. Жоба аясында өңірдегі 250 ұстаз оқыту-тренингке қатысып, тәжірибе алмасты, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Оқыту-тренингте “Педагогтардың кәсіби құзыреттілігін арттыру, эмоционалды тұрақтылығын қамтамасыз ету” тақырыбы қозғалды. Жобаның алғашқы қатысушылары мектеп директорлары мен директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары болды. Олар арнайы келген республикалық педагог-тренер Ибраимов Саят мырзаның оқытуынан өтіп, сертификаттармен марапатталды.
Жоба аудандар мен қалада да жалғасын тапты. Әр қала мен аудан орталығында 35 мұғалімнен жиналған педагог-психолог пен пән мұғалімдеріне арнайы тренер Арман Ақбердиев оқыту-тренингін жүргізді. Оқыту-тренингі соңында толық қамтылған 250 ұстаз кері байланыс жасап, алған әсерімен бөлісті.
Айта кетейік, жоба Маңғыстау облыстық білім басқармасының қолдауымен "Түпқараған жастары" ҚБ ұйымдастыруымен өтті.